Құрманғазы ауданына жұмыс сапары аясында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Балқұдық ауылына барды.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Бас имамның шалғай өңірге келіп, халықпен жүздесуінің өзі тарихи оқиға. Себебі, облыстан дін басы Балқұдық ауылына келуі тәуелсіздік тарихындағы тұңғыш жағдай.
Жергілікті мешіттің ахуалымен танысып, ауыл үлкендерімен өткен кездесуде діни ахуал, жастарды білімге, ғылымға, рухани қуаттылыққа тәрбиелеу, білікті кадрмен шалғай ауылдарды қамтамасыз ету мәселесі талқыланды.
Айта кетерлігі, Балқұдық және Сүйіндік ауылдарындағы жергілікті медициналық амбулаторияларға орталық «Иманғали» мешіті атынан оттегі концентраты аппараттары табыс етілді.
«Әлем ауыр індетпен әлі күресуде. Пандемияның қашанға дейін созылатыны белгісіз. Бұл аппараттар осындай қиын кезеңде халық саулығын сақтауға оң әсер береді деген сенімдеміз» дейді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.