amin.kz/ 9 шілде, 2020 жыл. Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы «Асыл арна» телеарнасына тікелей эфирде сұхбат берді.
Республикадағы бірден бір рухани арнадағы «Маңызды мәселе» бағдарламасы аясында Атырау облысының Бас имамы отбасылық бюджетті жоспарлау, шүкіршілік тақырыптарында насихат айтты.
«Отбасы бюджетін дұрыс жоспарлай алу үшін әуелі отбасының табыс көздері мен мөлшерін анықтау керек. Одан кейін отбасының бір айлық кіріс-шығыс кестесін дайындау қажет. Бұл кестеде пәтер ақысы, комуналды қызметтер, азық-түлік, бар болса несие (шариғат бойынша тиым салынған) секілді міндетті төлемдер жазылуы тиіс.
Егер табысыңыз шығындарды жабуға жетпей жатса, қажеттіліктерімізді маңыздылығы мен жеделдігіне қарай ретпен тізіп жазамыз да, сол тізім бойынша ақшамызды жұмсаймыз. Әр нәрсенің берекесі мен қайыры Алладан» деп атап өтті сұхбат барысында Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.