Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Конституция күнімен құттықтады.
Әжелер мектебінің өкілдері, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйел-қыздар секторының Атырау облысы бойынша өкілдігінің қатысуымен өткен шарада Бас имам жиналғандарға атқарып жатқан еңбектері үшін алғыс айтты.
Абай хәкім: «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады», – деп айтқанындай, адам бойында адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына, оны тәрбиелеген ұстазының маңызы өте үлкен. Айталық, Абылай хан – Төле биді, Шәкәрім – Абайды, Жамбыл – Сүйінбайды өзіне ақылшы әрі ұстаз тұтқан. Олар өздерінің өмірде бағындырған зор асуларына ұстаздарының сіңірген еңбегі көп екенін жақсы түсінген. Бүгінгі Конституция күнімен сіздерді шын жүректен құттықтаймын. Өйткені, сіздер қоғамды тәрбиелеуге үлес қосып отырсыздар» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.