Бас имам бірлік күнімен құттықтады

Ассалаумағалейкүм, ардақты ағайын, қадірлі жерлестер!

Сіздерді 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл — сан түрлі ұлт пен ұлысты бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүруге үндейтін айрықша мереке.

Бұл — ел бірлігінің, татулық пен түсіністіктің, бейбітшіліктің белгісі.

Ислам діні – бейбітшілік пен бірлік діні. Құран Кәрімде Алла Тағала: «Шынында, мүміндер – бір-біріне бауыр» – деп бізге бауырмал болуды бұйырған.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) да үмбетін әрдайым татулыққа, кешірім мен қайырымдылыққа шақырды.

Ата-бабаларымыз да «Бірлік болмай, тірлік болмас» деп бекер айтпаған. Бірлігі жарасқан ел ғана өсіп-өркендейді.

Бірлік — ұлт болашағының негізі. Сол үшін әрбіріміз қоғамға ізгілікпен, көркем мінезбен үлгі болайық.

Араздық емес — араша болу, дүрдараздық емес — достықты дәріптеу — имандылықтың белгісі.

Алла Тағала ел ішінде тыныштық пен берекесін арттырғай!

Отбасыларыңызға бақ-береке, жүректеріңізге иман мен мейірім тілеймін.

Мереке құтты болсын! Бірлігіміз мәңгілік болғай!

Құрметпен,

Атырау облысының бас имамы

Болатбек Ұласқанұлы