Бас имам Болатбек Ұласқанұлы ананың, қыз баланың қоғамдағы орны туралы насихат айтты (+ ФОТО)

Атырау облысының Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы “Иманғали” орталық мешітінде “Қазақ халқының дәстүрінде ананың орны, қыз баланың маңызы” тақырыбында жұма уағызын жүргізді.

«Қазақ халқының дәстүрі мен мәдениетінде ана мен қыз баланың орны қашан да ерекше. Олардың қоғамдағы рөлі отбасымен ғана шектелмейді, ұлттық болмыс, ұрпақ тәрбиесі, дәстүр мен салттың сақталуы тұрғысынан да маңызды. Қазақ халқының өмір сүру салтында ананың, қыз баланың мәртебесі биік, олар ұлттың болашағы мен мәдени мұрасының негізін қалаушы тұлғалар ретінде қарастырылады.

Ананың орны мен қыз баланың маңызы өте жоғары. Ана – отбасының ұйытқысы, ал қыз бала – ұлттың болашағын сақтаушы әрі дамытушы жан. Бұл тұрғыда әрбір қазақ отбасы ана мен қыз баланы құрметтеп, олардың қоғамдағы рөлін жоғары бағалайды. Қоғамның рухани дамуы мен болашақ ұрпақтың тәрбиесі үшін халқымыз ана мен қыз баланың рөлін ешқашан төмендетпей, қайта оларды құрмет тұтып келеді»,-деп атап өтті Бас имам.

Сондай-ақ Болатбек Ұласқанұлы өңірде халал өнімге сұраныстың артып келе жатқанын айта келе, “Апашкин” жартылай дайын өнімі кәсіпорын иесі Айболат Жанайұлына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Халал даму» мекемесінің сертификатын табыс етті.