Бас имам Болатбек Ұласқанұлы құлшылық ордаларының құрылысымен танысты (+ФОТО)

Бас имам Болатбек Ұласқанұлы Атырау қаласында құрылысы бой көтерген құлшылық нысандарын аралады.

Атап айтар болсақ, Жұлдыз ықшам ауданында салынып жатқан заманауи ұлттық діни ағарту орталығы мен сыйымдылығы мың адамды құрайтын мешіттердің құрылысына барды.

«Бұл орталықтарда ағартушылық бағытта жұмыстарды жүргізетін боламыз. Көпшіліктің ойындағыдай мешіттер құлшылық жасап кететін жер емес. Бұл жерде тал бесіктен жер бесікке дейінгі рухани ілімдер, отбасылық құндылықтар, халқымыздың ғұрыптары мен жастардың интеллектуалды қабілетін шыңдайтын заманауи білім-ғылым ордасына айналатынына сенімдіміз. Хаққа қызмет, халыққа қызмет етуден басталады деп, бабаларымыз айтқандай халықтың мұң-мұқтажын өтейтін бірегей ордалар болсын деп тілейміз. Осы жолда білікті кадрлар дайындау ісін қолға алудамыз»,- деп атап өтті Бас имам Болатбек Ұласқанұлы.

Айта кетейік, қазіргі таңда облыста 50 мешіт, 5 Құран жаттау және діни сауат ашу орталығы жұмыс жасауда.