Бүгін Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықовты қабылдады.
Қабылдау барысында Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы Мақат ауданы мешіттеріне онлайн форматтағы уағыз-насихат жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
«Жат ағыммен күресте нақты нәтижелер бар. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуы қажет. Және әлеуметтік желілердегі жұмыстарды күшейтуді, онлайн аудиторияны кеңейтуді, жастармен арадағы жұмысты жаңа деңгейге көтеруді тапсырамын.
Қазіргі таңда Доссор елдімекенінде жат ағым мәселесі өткір тұр. Осы ретте, мешіттердегі ұстаздар санын көбейтіп, жергілікті халықпен арадағы байланысты күшейту қажет» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Еске сала кетелік, Мақат ауданында үш мешіт бар. Оның біреуі аудан орталығында және екеуі Доссор кентінде орналасқан. Құлшылық үйлерінде барлығы тоғыз маман еңбек етуде.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.