Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау қаласында салынып жатқан жаңа мешіттің құрылысымен танысты.
Бас мүфти құлшылық үйін тұрғызып жатқан Арман Тоғаевқа алғысын білдіріп: «Мешіт салу – сауабы үзілмейтін сауапты іс. Адам жүрегі мешітте тыныштық табады. Мұсылман мешіттен рухани қуат алып, отбасын ізгілікке тәрбиелейді. Алла Тағала ізгі істеріңізге мол сауаптан жазғай» деді.
Айта кетейік, жаңа мешітте бір мезетте 500 адам құлшылығын өтей алады. Бүгінде облыс бойынша 35 мешіт жұмыс істейді. Атырау қаласында 7 мешіт бар. Алдағы 2 жыл көлемінде тағы 25 мешіт салынады. Облыс бойынша 79 дін қызметкері жұмыс істейді.