Бас мүфти Израиль елшісімен кездесті

amin.kz/ 12 наурыз, 2020 жыл. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Израиль мемлекетінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Лиат Вексельман ханыммен кездесті.

Кездесуде дінаралық татулық пен келісімді нығайтудың маңызы, қоғамда мейірімділік пен бейбітшілік құндылықтарын насихаттау, адамдар арасында өзара сыйлыстық пен келісім, достық пен құрметті арттырудың мәні, т.б. мәселелер талқыланды.

Наурызбай қажы Тағанұлын Бас мүфти лауазымына сайлануымен құттықтаған Лиат Вексельман ханым өзінің тілеулестік ниетін білдіріп, әріптестік қарым-қатынасты арттыруға мүдделі екенін жеткізді. Сонымен қатар Бас мүфтиді Израиль мемлекетіне ресми сапармен баруға ұсыныс білдірді.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:


https://amin.kz/atyrauda-dini-mamandar-rezervin-qalyptastyrudynh-zhanha-zhobasy-bastaldy/