Киелі Түркістан облысына ресми сапармен барған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы көне шаһарда XIV ғасырда әйгілі Әмір Темірдің пәрменімен салынған Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде болды.
Ізгілік пен имандылықты насихаттауға сүбелі үлес қосқан ұстаз рухына қасиетті Құран аятын бағыштап, дұға жасады.
Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткішінің бірі. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, сопылықты уағыздаушы Ахмет Яссауи бейітінің басына орнатылған.