Батыржан Мансуров Әзербайжанға барды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров Әзербайжан Республикасының астанасы Баку қаласында Президент Илхам Әлиевтің бастамасымен «Әлемдік діндер жасыл планета үшін» тақырыбында СОР29 кезекті саммитіне қатысты.

Шет елден келген делегация әуелі Әзербайжан халқының көсемі, марқұм Гайдар Әлиевтің шәйіттер аллеясындағы қабіріне дұға жасады.

Шараға әлемнің түкпір-түкпірінен 200-ден астам дін көшбасшылары мен ғалымдар қатысуда.

Конференцияда декларация және үндеу қабылданбақ. Аталмыш жиын жұмысы үш күнге жоспарланған.