Бауырлас елдердің мүфтилері мешіт жамағатымен кездесті (+ ФОТО)

Елімізге жұмыс сапарымен келген Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Абдулазиз қажы Закиров Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде болып, жамағатпен жүздесті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мешітте бесін намазын өткізіп, ертең Астана қаласында Түркі мемлекеттері ұйымы мүфтилер алқасының бесінші мәжілісі, сонымен қатар «Қожа Ахмет Ясауи және оның рухани мұрасы» халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтетінін тілге тиек етті.

Бесін намазынан кейін Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы екі елдің бауырластығы үшін арнайы дұға жасап, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен өтіп жатқан игі іс-шараларға сәттілік тіледі.