amin.kz/ 12 сәуір, 2020 жыл. «Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы талай қиын сынақтарда үмітсіздікке берілмей, Алла Тағаладан медет сұрап, дұғада болған.
Әлемді дүрліктіріп жатқан қатерлі індет Қазақстан халқын да әуре-сарсаңға салып отыр.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бас болып, еліміздің барлық облысындағы бас имамдар жұртшылықты осынау қиын кезеңде «Ықылас», «Фалақ», «Нас» сүрелерін оқып жүруге, жүректегі иманды күшейтіп, жақсылық істерде жұмылуға, бір – бірімізге жақсы сөздер айтып жүруге үндеді.
Біз біргеміз! Ажырамас іргеміз!
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.