amin.kz/21 наурыз, 2020 жыл. Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы барша дін қызметкерлерін үздіксіз Құран оқуға үндеген болатын.
Бүгінде Атыраудағы барлық мешіттерде үздіксіз Құран оқылуда.
«Мешітімізде имамдар бірлесіп Алланың кәламын хатым етудеміз. Еліміздің амандығы үшін жасалып жатқан дұғамызды Алла қабыл еткей. Осындай сынақ кезінде және мамыражай күндерде де жүрегіміз дұғаға, жақсылыққа, қайырымдылыққа ашық болуы керек» дейді Сұлтан Бейбарыс мешітінің бас имамы Ержан Қағазғалиев.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.