Болмасын кекшіл, болсайшы көпшіл

Әбу Хурайра рауаят еткен хадисте Пайғамбарымыз саллаллаһу ғалайһи уәссәлләм айтқан.

Жаннаттың қақпалары дүйсенбі және бейсенбі күндері ашық тұрады.

Аллаға бағынған және жалғыз Аллаға серік қоспай иланған әрбір құл кешіріледі.

 бір-ақ адам кешірілмейді. Қандай адам?

бауырына кек сақтаған, басқа адамға жамандық бүгіп қалған адам ғана кешірілмейді.

 Ондай өз жүрегін өзі улаған бейшараларға үкім келеді: Қандай?

 тоқтатыңдар бұл екеуін!

олар татуласқанға шейін!

және естіледі сол үкім: тоқтатыңдар мына бір-біріне кек сақтаған екі бақытсызды – олар бір-бірімен татуласқанға шейін.

 үшінші рет тағы да сол үкім естіледі: тоқтатыңдар бұл екі адамды! Адам бола тұра бір-біріне жаманшылық ойлаған, ішіне өшпенділік бүккен екі ақылсызды – қашан бір-бірін кешкенге шейін тоқтатыңдар! Тамам адам баласы кешіріліп, менің жаннатымның қақпалары айқара ашылған осы дүйсенбі мен бейсенбінің күнінде, осы күндері ораза ұстауды сүннет қылған  Пайғамбар Мухаммад ҒСУС-нің құрметіне тамам адамның күнәлары кешіріліп, жәннатқа кіріп жатқанда бұл екеуі қашан татуласқанша осылай тұрсын! – деген үкім келеді.

Әрбір зұлымдық ойлаған, әрбір басқа адамға қастық ойлаған адам ең алдымен өзіне зұлымдық қылады. өз иманын өшіреді.

«Кең болсаң, кем болмассың»

Болмасын кекшіл, Болсайшы көпшіл

Досыңа достық-қарыз іс, Дұшпаныңа әділ бол

«Жаман жігіттің ашуы Жерге басы жеткенше,

Жақсы жігіттің ашуы Жібек орамал кеткенше»

Бұқараданың әміріне Жәуке батырдың айтқаны. «Ақсауыттың жағасы бар, жеңі жоқ, Шын жақсының ашуы бар, кегі жоқ. Жақсылыққа жақсылық Әр кісінің ісі-дүр, Жамандыққа жақсылық Шын салихтың ісі-дүр. 100 адамның басын кестім деген не мақтан? 100 адамның басын қарақшының да болсын дарақысы кеседі, құлдың да болсын тексізі кеседі. Ал қазақтың хандары бір жерде 100 адамның айыбын кештім деп мақтанады».

Иннәмәль му‘минууна ‘ихуатун – барлық момындар бір-бірімен бауыр (аят) Фа‘әслихуу ба‘йнә ‘әхауайкум – сондықтан екі бауырдың арасын жарастырыңдар!

Уаттақуллаһа ләъәл-ләкум турхамуун – және сендер қорқыңдар Алладан, сонда бәлкім игілікке бөленерсіңдер, сонда, бәлкім, Құдай жарылқайды сендерді

«Дау қуған бәлеге жолығар, жол қуған қазынаға жолығар»

«Екі жаман қосылса, келісіп отырып керіседі, Екі жақсы қосылса, кетісіп отырып келіседі»

 «Қолдасқанды құдай қолдайды», «Құдайдан қорықпағаннан қорық», «Бөлінгенді бөрі жейді» деп, бір аяттан мың бір мақал шығарып, атам қазақ рухани азық қылып жүре береді.

 Ей, мүминдер! Сендер көп күманды ойлардан сақтаныңдар.

– Себебі кейбір ойлардың өзі-күнә!– деп ескертеді де, мысалы

 Сыр тексермеңдер, бір-біріңді  ғайбаттамаңдар! Бір-біріңнің айыбыңды  ашып, шұқыламаңдар.

 Сендер өлген туысыңның етін жеуді жақсы көресің бе? Әрине олай істеу жиіркенішті.

олай болса, Алладан қорқыңдар,

‘ расында Алла  тәубаны тез қабыл етуші, ерекше мейірімді. (49:12).

 Лев Толстой  бүкіл қоғам ауруы, тайғадағы адам аулап жеушілер, емханалардағы аяусыз мейірімсіздік… «егер адамға деген махаббатың болмаса, онда адамның қасына жолауға хақың жоқ. Егер адамды сүймесең, онда заттарыңмен айналыс, киімдеріңмен айналыс, айналып кетейін, бірақ адамға жолай көрме, адамға махаббатсыз жақындау – қылмыс».

Елдос ОТАШБАЕВ,

«Доссор мұсылмандар» мешітінің имамы.