Дәретті құсу бұза ма?

Сұрақ: Құсу дәретті бұза ма?

Жауап:

Әбу Ханифа мәзһабының көзқарасы бойынша, құсық массаларының құрамы (тамақ, су, ұйыған қан немесе өт сөлінің бөлінуі) дәл асқазаннан болғандықтан, аузы толып құсса дәретті бұзады.

Өйткені Алла Елшісінің (с.а.с.): «Құсу дәретті бұзады»[1] деген хадисі осының бір дәлелі. Бірақ ауыз толмай құсса, дәрет бұзылмайды. Сондай-ақ ауыздан шыққан қақырық, сілекей және түкірік сияқты болғандықтан дәретті бұзбайды. Себебі кеуде немесе мұрын қуысы секілді ағзаның ішінде қалыптасқан соң, таза болып саналады.


[1] Тирмизи, Тахара, 64.