Мұсылман шариғатында адамдардың еркіне қалдырған мубах яки ерікті істер бар. Мысалы, тойларды, мейрамдарды өткізу жолдары, салт-жоралғылары әрбір халықта әркелкі. Олардың бәрін шариғатқа сай келмейді деп айтуға болмайды.
Керісінше, олар әрбір мұсылман халқының ғұламаларының көз алдында әрі олардың құптауымен сан ғасырлардан бері атқарылып келе жатқан ғұрыптар. Сондай ұлттық ерекшеліктерге, тілдік ерекшеліктерге қарсы шығу, оларды дәл арабтардікіндей етуге тырысу барып тұрған надандық. Өйткені адамзаттың ұлт-ұлысқа бөлінуі аталмыш аятта айтылғандай Жаратқанның Өз жаратылысына бекітіп берген мызғымас заңы.
Ал жаратылыстық қағидаға қарсы шығу қасаңдыққа шалдыққан шала сауаттылардың ісі. Қазіргі қазақ қоғамындағы діни білімге деген құштарлық әсіресе жастардың арасында басым. Әрі мешітке келушілердің негізгі бөлігі де солар. Сондайақ, нақтылы діни білім алғандардың көпшілігі жастар. Ал жастар ғұмырлық тәжірибесі аз болғандықтан өзім білемдікке салынып, максималистік көңілкүйге бой алдырып көптеген қателіктерге ұрынады. Жасына жетпей шейх атануға құлшынады.
Құран мен хадистің негізгі мұраттарын түсінбей, қателіктерге жол береді. Нақтылы үкімдерді қамтитын мухкам дәрежесіндегі аяттарды ысырып қойып, қоғамда жаңалық ашуды көздегендей екінші дәрежелі ұқсас ұғымды муташабиһ дәрежесіндегі аяттарды алға шығарып, ғалымдар арасында түрлі көзқарас тудырған мәселелерді көтеріп, дау-дамай туғызып жатады. Мұндай келеңсіздіктердің басты себебі діни білімге ие болғандардың шала сауаттылығы немесе албырттық көңіл-күйлері.
Нақ сондайлардың арасында өз ұлтының талай ғасырлардан бері қалыптасқан құндылықтарын, мәдени мұраларын, тіпті, тарихы мен қазіргі болмысын жоққа шығаратындар да табылады. Егер олар шариғат шарттарын терең түсінсе, ондай адасушылыққа бармас еді. Сонымен қатар дін саласында тәжірибелі, білімді деп есептелетін кейбір діндарлардың өзі дінге болысудың жөні осы екен деп, қазақша бірдеңе жазғанда араб, түрік сөздерін қаз-қалпында жазады. Мысалы, қазақтар Жүсіп, Жақия, Жүніс деуге үйренген әу баста бар есімдерді араб тіліндегі қалпында Юсуф, Яхия, Юнус деп береді. Осындай қылықтары арқылы олар екі түрлі қателікке бой алдырады. Біріншісі – дін мұратын жаңсақ түсіну.
Ислам діні ұлттық ерекшеліктерді жоюға, әрбір тілдің табиғи заңдылықтарын мансұқ етуге мүлде шақырған емес әрі шақырмайды да. Керісінше, әрбір елдің өзіне тән жағымды әдет-ғұрыптары мен қалыптасқан заңдылықтарының сақталуына ерекше мән береді. Олардың екінші қателігі өз халқының тарихы мен ділінен, тілі мен рухани әлемінен бейхабар болуы.
Сондықтан ұлтымыздың генетикалық жадында ғасырлардан бері сақталып келе жатқан өзіндік болмысын, дәстүрі мен мәдениетінің тамырына балта шабады. Қазақ тіліне араб не түрік тілінің заңдылықтарын әкеп тықпалап, таза қайнарының тұнығын лайлайды. Сөйтіп, қазақ тілінің емлесі мен грамматикасына «ерекше жаңалық» енгізгісі келеді. Әрі соларын үлкен абырой, білімпаздық деп таниды. Бұдан асқан бірбеткейлік жоқ.
Діннің шариғатқа қайшы келмейтін ұлттық әдет-ғұрыпты, тілдік ерекшеліктерді теріске шығармайтынына қарамастан, оларды мансұқ етуге тырысу нағыз мәңгүрттің әрекеті. Сондайлардың қазақ ақын-жырауларының діни тақырыптағы өлеңдерін «өз емлелеріне», «сенімдеріне» сай етіп өңін өзгертіп жазатындарына да куә болып жүрміз.
Алла Тағала оларға тура жол, тереңірек білім нәсіп етсін. Сонымен қатар, қазіргі қазақ қоғамында халқымыздың дәстүрі мен тарихын, тілдік ерекшелігін мансұқ ететін, не жартылай мойындамайтын нигилистермен бірге әдет-ғұрыпты, қазақшылықты қорғаудың жөні осы екен деп дінді төмендетіп, ұлттық дәстүрді одан жоғары қоятындар да бар. Олардың көпшілігінің терең діни білімі жоқ. Бірақ осы тақырыпты талқылауға аса құштар.
Дәлелдерінің дені дәстүр мен даналар сөздері. Шариғаттан мардымды мағлұмат болмағандықтан әдет-ғұрып пен дін арасындағы байланысты тереңірек түсіндіруге қауқары жоқ. Нәтижесінде алғашқысына басымдық беріп, екіншісін төмендетеді. Мұндай қасаң пікірлердің ғұмыры қысқа. Себебі, адамдардың діни сауаттылығы артқан сайын айтушыға деген талап та күшеймек.
Қазақ халқының ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан діні – Ислам, шариғаттағы іс-амал мазһабы – ұлы имам Әбу Ханифаның мазһабы. Ал діни дүниетанымдық ұстанымы Исламның негізгі қайнар бұлақтары – Құран мен Пайғамбардың (с.а.с) сүннетіне негізделген Сүннет және жамағат жұрты, оның ішінде Әбу Мансұр әл-Матуридидің мектебі болып табылады. Қазақ халқының да ұлттық бет-бейнесі, ділі мен тілі осы идеологиялық мектептің негізінде қалыптасты. Оған айғақ боларлық айшықты дәлелдер жетіп-артылады. Бұхар жыраудан бастап Абай, Шәкәрімге дейінгі ойшылдар мен ақындардың мұраларынан нағыз мұсылмандықтың үлгісін көреміз.
Мысалы, Абылай ханның ақылшы абызы Бұхар жырау (1668-1781): Алла деген ар болмас, Ақтың жолы тар болмас! – деп Құдай деген құлдың медетсіз қалмасына нық сенімді екендігін білдіреді.
Сондай-ақ, қазақтың данасы Абай Құнанбайұлы да қазақтың Тәңір туралы танымдық тұжырымын қара өлеңмен өрнектейді: Мекен берген, халық қылған Ол – лә мәкән, Түп Иесін көксемей бола ма екен? Және Оған қайтпақсың, оны ойламай, Өзге мақсат ақылға тола ма екен?
Иcлaм ғұламаларының бірі Имaм Caрхacи: «Шaриғaтқa қaрcы кeлмeгeн әдeт жәнe ғұрыппeн бeкiтiлгeн нәрce, шaриғaтпeн бeкiтiлгeнмeн тeң бoлaды!» деп айтқан. Егер де, әдeт-ғұрып шaриғaтқa қайшы кeлмece, oғaн Ислам діні тыйым caлмaйды.
Ахмет Байтұрсынұлы былай деп бекер айтпаған: «Қaзiргi зaмaн – өткeн зaмaнның бaлacы, бoлaшaқ зaмaнның aтacы». Дiннeн тaмыр жaйғaн дәcтүрiмiзгe бeрiк, имaнымызды өзiмiзгe ceрiк eтy aрқылы тaрихтa oрын aлғaн тәyeлciз eл eкeнiмiздi әлeмгe дәлeлдeгeнiмiз бoлaр eдi. Дiн мeн дәcтүрiмiз бөлeк дeгeндeр, бiр eл бoлaшaғының қaмын жeгeндeрдiң cипaтынa кeлмeйдi. Өйткeнi oлaрдың түciнiгi тaр, нe бoлмaca қaзaқ тaрихынaн хaбaрcыз дeп aйтca бoлaды. Дәcтүрiмiздiң әлi күнгe дeйiн өз oрнын жoғaлтпayының ceбeбi – дiнмeн ұштacyындa.
Бiздiң мaқcaтымыз – ұлттық бoлмыc, тaбиғaтымызбeн caбaқтac шaриғaттaғы Хaнaфи мaзһaбымыз бeн тaнымдық мeктeбiмiздi тұғырлaп, acыл дүниeлeрiмiздi, жayһaрлaрымызды жaрыққa шығaрy, үзiлгeнiмiздi жaлғaп, жoғaлтқaнымызды түгeндeп, caн ғacырлық тaрихы бaр дiни дәcтүрлeрiмiздi қaлпынa кeлтiрiп, caқтay. Ocы aрқылы Қазақ елінің тoлыққaнды ұлтқa, Алаштың іргелі еліне aйнaлyы үшiн қoлдaн кeлгeншe әрбір азаматымыз үлес қосуы қажет.
Шалқар ДӘУЛЕТХАНҰЛЫ,
Исатай ауданының бас имамы.