Бүгін Доссор ауылдық мешітіне жаңа имам тағайындалды.
Мұхамеди Мағжан Игенбайұлын жамағатқа Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов таныстырды.
«Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Мағжан Игенбайұлы Доссор мешітінің имамы болып тағайындалып отыр. Доссор тарихы бай, қазақылықтың қаймағы бұзылмаған өлке. Қазіргі таңда халықпен етене байланыста еңбек етіп, жастар арасында дініміз бен ділімізді насихаттау міндеті тұр» деп атап өтті Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.
Мағжан Мұхамеди Алматы қаласының тумасы. 2014 жылы Алматыдағы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің исламтану факультетіне күндізгі бөлімге оқуға түскен. Исламтану мамандығын меңгерген.
Еңбек жолын 2018 жылы Алматы облысы, Талғар ауданы, Кеңдала ауылындағы Кеңдала ауылдық мешітінде наиб имам болып бастаған.
2019 жылы Ақмола облысы, Целиноград ауданындағы Целиноград аудандық мешітіне наиб имам қызметіне орналасқан.
2021 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін исламтанушы магистр мамандығы бойынша бітірген.
2021 жылдан бері Атырау облысындағы «Мақат мұсылмандары» аудандық мешітінде наиб имам болып еңбек етіп келеді.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.