Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай, Мақат ауданына қарасты Доссор мұсылмандар мешіті қайырымдылық акциясын өткізді.
Акция барысында 10 отбасына бірінші қажеттіліктегі азық-түлік пакеттері таратылды.
«Азық-түлік себеттері мұқтаж шаңырақтардың үйлеріне жеткізіліп берілді. Акция аясында әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасыларды қамтыдық. Рамазан кұрметіне өтіп жатқан ізгілік шаралары жалғасын табады» дейді ұйымдастырушылар.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.