Индер ауданы, Елтай ауылындағы «Шәкәрім Құдайбердіұлы» мешітінің имамы Рысбек Ахметұлы бастаған ауылдың зиялы қауым өкілдері азық-түлік дүкендерін арақ-шарап сатудан тыйылуға шақырды.
10-ға жуық дүкенді аралаған топ қасиетті Рамазанда кәсіпкерлерді адал табыс табуға үндеді.
«Рамазан – Алланың нұры түсетін керемет ай. Бұл айда барлық мұсылманның тілегі қабыл болады. Тыйым салынған істерден аулақ болып, жақсылыққа бет бұрған абзал.
Адал табыстың несібесі көп болады. Саудада береке бар, дегенмен, берекелі табысты арақ-шарапсыз да табуға болады» деді
«Шәкәрім Құдайбердіұлы» мешітінің имамы Рысбек Ахметұлы.




