ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы Солтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпорындарда айлық аудит жұмыстарын жүргізді.
Бақылау-қадағалау шараларына облыстың бас имамы Хамзат Қажымұратұлы және «Халал Дамудың» жергілікті маманы Аманжолов қатысты.
Аудит барысында «Петровское» және «Tezis» сүт өнімдері, «Meat Ecology Products» қасапханасы, «DEZ» ұн өндірісі, «Петропавловский хлебобулочный комбинат» нан өнімдері, «Компот», «CTR Chiken», «Plov Jan» тамақтану орындары, «Happy Cake» кондитерлік цехы, «Сайев» және «Нургужинов» жеке кәсіпкерлігіне тиесілі ет дүкендері, «Formsan VM6» тағамдық қоспалар өндірісі тексерілді.
Сонымен қатар, А.Асқарбекұлы жергілікті «Qazaqstan-Qyzyljar» телеарнасының «Руханият» бағдарламасына сұхбат беріп, отандық халал индустриясының хал-ахуалы төңірегіндегі мәселелер мен «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау ұйымының жұмысы мен бағыт-бағдарына тоқталып өтті.