Бұл туралы орталық «Иманғали» мешітінде жылдық есеп берген Индер ауданының бас имамы Ералы Қамзағалиев айтты.
«Жыл басынан бері 42 қой, 12 сиыр, 3 жылқы сойылып 437 отбасына еттей, 318 отбасыға азық-түліктей, 50 отбасыға бау бақша өнімдері таратылды» деп атап өтті спикер.
Сонымен бірге, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Өмірге үміт сыйла» акциясы аясында Индер аудандық ауруханасына 12 дана оттегі концентраторы, 2 тепловизор, 15 дана пульсаксиметр, 100 дана бір реттік қорғаныс киімі табыс етілді.
Индер ауданында діни кадр даярлау бағытында нәтижелі жұмыстар бар. Мәселен, биыл Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак египет және ислам мәдениеті университетіне, медресе және медресе-колледждерде индерлік 7 шәкірт оқуға түсті.
Айта кетелік, Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының алдында есеп берген қала және аудан имамдары діни ағарту, оңалту, қайырымдылық және ағарту бағытында жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз – қызметі.