Атырау облыстық “Иманғали” орталық мешітіне қарасты Құран жаттау және сауат ашу орталығында РАНТ мүшесі, теолог Ислам Маратұлы шәкірттермен жүздесті.
Кездесу барысында Ислам Маратұлы шәкірттерге Құран жаттаудың артықшылықтары, діни білімнің өмірдегі маңызы және жастардың рухани тәрбиесі жайында насихат айтты.
“Құран – біздің өмірлік бағдарымыз. Оны үйрену – тек білім алу емес, жүректі тазарту, мінезді түзеу. Бүгінгі жаттаған әрбір аят – ертеңгі өмірлік шамшырағыңыз болмақ,” — деді Ислам Маратұлы шәкірттерге арнаған сөзінде.
Кездесу соңында шәкірттер өз сұрақтарын қойып, рухани тәлім алды. Шара жастардың діни сауатын арттыруға және мотивациясын күшейтуге бағытталды.



