«Көшпелі керуен» қайырымдылық акциясы Атыраудағы Сұлтан Бейбарыс мешітінде жалғасты.
Бір мезгілде 30 отбасыға жалпы салмағы 600 келі болатын азық-түлік таратылды.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздің түкпір-түкпірінде жалғасын тауып жатқан акцияға Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы қатысып, қайырымды амалдарды тоқтаусыз жасауға үлес қосып жатқан Сұлтан Бейбарыс мешітінің ұжымына, демеушілерге ризашылығын жеткізді.
«Алла Тағала әр ауырлықтың артында бір жеңілдік болатынын ескерткен. Бұл дүниеде кішкентай бір ауырпашылыққа, қиыншылыққа кездесіп жатсаңыз, сабыр етіп, шүкіршілікте болуымыз керек» деді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Еске сала кетелік, қайырымдылық акциясы әлеуметтік жағдайы төмен мұқтаж отбасыларды қамтамасыз етті.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.