ЛГБТ – лесбиян[1], гей[2], бисексуал[3] және трансгендер[4] сөздерінің қысқартылып берілген атауы.
Шариғатымызда еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасқа баруы – харам. Бұл азғындықтың ең ауыр түрі, лағнеттелген ібліс шайтанның ісі. Олардың ақыреттегі жазасы өте ауыр.
Алла Тағала қасиетті Құранда:
وَلُوطًا إِذْ قَالَ لِقَوْمِهِ أَتَأْتُونَ الْفَاحِشَةَ مَا سَبَقَكُم بِهَا مِنْ أَحَدٍ مِّنَ الْعَالَمِينَ .إِنَّكُمْ لَتَأْتُونَ الرِّجَالَ شَهْوَةً مِّن دُونِ النِّسَاءِ ۚ بَلْ أَنتُمْ قَوْمٌ مُّسْرِفُونَ
«Сол уақытта Лұт қауымына: «Сендер жер бетінде өздеріңнен бұрын ешкім істемеген арсыздықты істеп, жан баласы бармаған азғындыққа барасыңдар ма? Сендер әйелдерді қойып, нәпсі-құмарлықпен еркектерге жақындасасыңдар. Сендер шынында шектен шыққан қауымсыңдар»[5],– деп айтқан».
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Лиуата[6] жасаған адам – малғұн (лағнеттелген)»[7] – десе, келесі хадисінде: «Әйелдердің бір-бірімен жыныстық қатынасқа баруы – зинақорлық»[8], – деген.
Абдулла ибн Аббас (Алла оған разы болсын): «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әйелге ұқсағысы келген еркектерге және еркектерге ұқсағысы келген әйелдерге лағынет айтты»[9],– деген.
Сол секілді шариғатта жыныстық мүшені ауыстыру да аса ауыр күнә. Себебі бұл Жаратушының жаратылысын өзгерткен болады. Алла Тағала мұндай өзгертулерді харам еткен.
وَلآمُرَنَّهُمْ فَلَيُغَيِّرُنَّ خَلْقَ اللَّهِ
«Мен (шайтан), оларға (адамзатқа) Алланың жаратылысын өзгертсін деп, сөзсіз, әмір етемін»[10].
Абдулла ибн Масғұд (Алла оған разы болсын) Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла Тағала денеге сурет салушыны, сурет салғызғанды, қас терушіні, қас тергізгенді, әдемі көріну мақсатында тістерінің арасын ашқандарды және Алланың жаратылысын өзгерткендерді лағнеттеді»[11], – деген.
Жыныс мүшені ауыстыру ер мен ердің, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына жол ашады. Алла Тағала адамзатты, тіпті жануарларды да еркегін ұрғашысына және ұрғашысын еркегіне құштарлы етіп жаратқандықтан бір жыныстағылардың өзара жыныстық қатынасқа түсуі адам жаратылысы мен табиғатына қайшы. Себебі Алла Тағала «Нәбә» сүресінде:
وَخَلَقْنَاكُمْ أَزْوَاجًا
«Сендерді жұп-жұп етіп жараттық»[12], – деп баян етеді. Сондықтан ер мен ердің немесе әйел мен әйелдің жыныстық қатынасқа түсуі және жыныс мүшесін ауыстыруы – үлкен күнә.ҮКІМ:
- Лесбиян, гей, бисексуал мен трансгендердің іс-әрекеттерінің шариғаттағы үкімі – харам. Бұл адам баласының жаратылысына қайшы келетін арсыздық.
- Кімде-кім өз жаратылысына қарсы шығып, жынысын ауыстырса, оның ашық адасқаны әрі ондай адам Алланың қарғысына ұшырайды. Мұндай адам шынайы тәубе етіп, емделуі қажет.
- Егер тәубе етіп, арсыз әрекетінен бас тартпаса, оның жаназасы оқылмайды және ақыреттегі жазасы өте ауыр болады.
[1] Әйелдердің бір-бірімен жыныстық қатынасқа түсуі.
[2]Еркектердің бір-бірімен жыныстық қатынасқа түсуі.
[3]Бисексуалды (екі жынысқа құштарлық). Бисексуал адамдарда тәнқұштарлығы екі жыныстың да адамдарына болады.
[4]Жыныс мүшесін ауыстыру.
[5]«Ағраф» сүресі, 80-81-аят.
[6]Лұт қауымының жасаған азғындығы.
[7]Имам Ахмад.
[8]Табарани риуаят еткен.
[9]Имам Бұхари.
[10]«Ниса» сүресі, 119-аят.
[11]Мүслим риуаяты.
[12]«Нәбә» сүресі, 8-аят.