Мақат аудандық орталық мешітінде 20 отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетілді.
Іс шара көп балалы, мұқтаж отбасыларды қамтыды.
Мұқтаж шаңырақтарға азық-түлік пакетін Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов табыс етті.
Еске сала кетелік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздегі барлық мешіттерде «Рамазан сыйы» жобасы жүзеге асырылуда.




