amin.kz/ 1 тамыз , 2020 жыл. Құрбан малының еті Мақат ауданы бойынша барлығы 264 мұқтаж отбасына таратылды.
«Бұл ұлық мереке – қасиетті құрбан айттың алғашқы күні жасалған қайырымдылық шарамыз. Құрбандық шалу бүгін де жалғасуда.
Рас, биылғы Құрбан айтымыз тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет ерекше жағдайда өтіп отыр. Пандемияға қарамастан, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрбандықты қашықтықтан шалуға мүмкіндік туғызды.
Құрбан малының етімен бірге, бірінші қажеттіліктегі азық-түлік Мақат кенті және Доссор ауылдарындағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға үлестіріліп отыр. Ниетіміз қабыл болғай» дейді Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.