Мақат ауданында зияткерлік сайыс өтті

Мақат аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен жамағат арасында білім сайысы өтті.

Зияткерлік сайысқа 7 команда қатысып, үміткерлер дін мен дәстүр, әдет – ғұрып, қазақ халқының бай тарихы туралы білімдерін сарапқа салды.

Тартысты бәсекеде бірінші орынды «Фирдаус» тобы жеңіп алды. Жеңімпаздарға қаржылай сыйақы және балаларын ойын алаңына тегін ойнатуға арналған сертификат берілді.

Екінші, үшінші орындарды «Ихсан» және «Иман » тобы өзара бөлісті. Жұбаныш сыйлығын «Алаш» тобы иеленді.