Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов жергілікті «Парасат жолы» орталығы мүшелерінің құрамына алынды.
Мақат аудандық орталық кітапханасында аталмыш орталықтың отырысы болып өтті. Онда жастар тәрбиесі, қазақ халқының бойындағы даналық, дархандық қасиеттерін дәріптеу мәселесі талқыланды.
«Жастар тәрбиесі – бесіктен, балабақшадан басталуы керек. Ұлттық құндылықтарымызға құрылған салт-дәстүрлерімізді тәрбиелік мәні зор шаралармен астастыра білу маңызды» деді жиын барысында Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.