Қасиетті Мəуліт айының құрметіне орай, Атырауда орталық мешіт жанындағы Қайырымдылық мекемесінің ұйымдастыруымен ізгілік шарасы өтті. Атыраудағы бірнеше мүгедектер қоғамына киім-кешектер мен ет таратылды.
Соның ішінде, «Сенім шыңы», «Демеу» мүгедектік қоғамдық қоры, Атырау облыстық зағиптар қоғамдық бірлестігі, Атырау қалалық «Мөлдір көз» қоғамдық бірлестігінің жетекшілеріне қайырымдылық пакеттері табыс етілді. Осылайша, қоғамдық бірлестіктер арқылы 40 отбасы қайырымдылық пакеттерімен қамтамасыз етілді.