amin.kz/ 1 қыркүйек, 2020 жыл. Мақат аудандық орталық мешітінде «Мектепке жол» акциясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен 15 отбасының балаларына қайырымдылық көрсетілді.
Акция аясында оқуға қажетті құрал-жабдықтар жинақталған сөмкелер табыс етілді.
«Исламда білім алу баршаға парыз етілген. Біз мүмкіндігінше балаларға қолдау көрсетуге тырыстық» дейді Мақат аудандық мешітінің наиб имамы Алмат Қартабаев.
Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылындағы «Мәулімберген» мешіті әлеуметтік жағдайы төмен үш отбасына қаржылай көмек көрсетті.
«Барлық бала білім алуға міндетті. Біз «Мектепке жол» акциясын бұл жолы ерекше етіп ұйымдастыруды жөн көрдік. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына қаржылай көмек көрсеттік Акцияға мешітіміздің жанындағы «Иман жастары» еріктілері атсалысты» дейді «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.