Мүфтият тәулігіне 24 сағат қызмет ететін телеграм чат ботын іске қосады

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық Аппарат жиналысын өткізді.

Жиында Бас мүфти Цифрлық даму бөлімінің меңгерушісі Тимур Серікханұлының жұмыс жоспарымен танысты. Бұған дейін Діни басқарма тарапынан мобильді қосымшаларды халыққа ұсынған бөлімнің тағы бір жобасы – Телеграм-бот жұртшылыққа жол тартпақ. Бөлім меңгерушісі Тимур Серікханұлының айтуынша, аталмыш телеграм-бот Діни басқарманың ресми сайты, мобильді қосымшалары, сондай-ақ имам-ұстаздармен сұрақ-жауап қызметін оңтайландыруға мүмкіндік бермек.

Жиналыс соңында ҚМДБ Төрағасы бөлім басшылары мен мүфтият қызметкерлеріне діни саладағы жұмыстарды жетілдіре беру керектігін жеткізді.