Мүфтият жөнелткен гуманитарлық көмек Жылыойға жеткізілді (+ ВИДЕО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өңірде су апатынан зардап шегіп отырған халыққа жіберген гуманитарлық көмегі Атырау облысына жетіп, Құлсары қаласына жөнелтілуде.

Жылыой ауданы, Құлсары қаласы мен Тұрғызба ауылында халыққа гуманитарлық көмек жеткізілді. Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының айтуынша бірінші кезектегі азық-түлік өнімдері, киім-кешектер мен дәрі-дәрмектер жөнелтілді.

Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қуанышұлы мен еріктілер жұмылып Құлсары қаласы мен ауыл тұрғындарына көмекті жеткізді.

Еске сала кетсек, ҚМДБ төрағасы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен зекет және қайырымдылық қоры Атырауға 114 тонна гуманитарлық көмек жеткізген болатын.