Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық Аппарат жиналысын өткізіп, бірқатар кадрлық ауыс-түйістерді хабарлады.
Қызметтік қажеттілікке байланысты Бас мүфти бұйрығымен Ақпарат бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы Діни басқарманың Баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды. Ал «Мұнара» газеті мен «Иман» журналының бас редакторы Серікбол Хасан «Мұнара» газетіне директор болып, сондай-ақ «Иман» ЖШС директоры әрі «Иман» журналының бас редакторы болып осы журналда ұзақ жыл қызмет атқарған Кеулімжай Құтты тағайындалды.
Бұдан бөлек, Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі қызметіне бұған дейін Қоғаммен байланыс секторының меңгерушісі болған Нұрсұлтан Ақжол тағайындалды.
Жиналыс барысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Діни басқарма ұжымын Рамазан айымен құттықтап, бөлім, мекеме басшылығына тағайындалған қызметкерлерге сәттілік пен береке тіледі.

