Атырау облысына жұмыс сапары аясында наиб мүфти Ершат Оңғаров Еркінқала ауылынан ашылған Қайтпай Сұлтан мешітіндегі қайырымдылық шарасына қатысты.
Қайырымдылық шарасы аясында 50 мұқтаж отбасына бірінші қажеттіліктегі азық-түлік таратылды.
«Бүгін қасиетті жұма күні жаңа мешітте қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып отыр. «Қайырымдылық – хайырлы іс» деп, дана халқымыз бекер айтпаған. Қайырымдылық – ҚМДБ жұмысының бір бағыты. Имамдарымыз осы жолда аянбай қызмет етіп келеді. Ізгі шараға атсалысқан жандардың барлығына Алла разы болсын» деп атап өтті наиб мүфти Ершат Оңғаров.
Еске сала кетсек, 50 отбасына азық-түлік үлестірілген қайырымдылық шарасы көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен шаңырақтарды қамтыды.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.