Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы Атырауға сапары аясында «Иманғали» орталық мешіті жанынан ашылған азан радиосында қонақ болып, сұхбат берді.
Сұхбат барысында асыл дініміз үндеген ынтымақ пен бейбітшіліктің маңыздылығына тоқталды.
«Қасиетті дініміз қашанда өзара бірлікке үндейді. Бауыр болуға, өзгеге қиянат жасамауға шақырады. Дін атын жамылып күйе жаққысы келетіндерден жас сананы сақтауымыз керек. Кешегі бабалар салып кеткен сара жол бүгінгі ұрпаққа өнеге. Сол қасиетті құндылықтар әр қазақтың қанында тулап жатуы тиіс,-деп атап өтті наиб мүфти Ершат Оңғаров.