Жаратушы Аллаһ Тағала қасиетті Құранда пайғамбарларын сипаттағанда, олар жайлы «жігерлі, табанды пайғамбарлар» дейтін.
Алладан келген Пайғамбарлардың ақыры Хазіреті Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) барлық жақсы сипатқа толық лайық еді.
Көп жылдарға созылған қиын-қыстау күндерде Пайғамбарымыздың табандылығын әрі батылдығын жоя алмаған. Мекке қаласының басшылары Пайғамбарға қарсы қолданған жауыздықтары мен әділетсіздіктерінен ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмағаннан кейін, Оған Араб елінің басшылығы Пайғамбарымызды дүниемен алдауға талпынып, «Қалағаныңды береміз. Дүние сұрасаң дүние, үйленуді қаласаң ең сұлу әйелге үйлендірейік» деп ұсыныс айтқанда, сүйікті Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Егер менің оң қолыма күнді, сол қолыма айды ұстатып, бұл жолымнан қайтуымды өтінсе де мен бұл ісімнен бас тартпаймын», – деген еді.
Олар осы жымысқы әрекеттері пайда береді деп сенген еді. Анығында мұндай ұсыныстар ең мықты адамды еліртіп, негізгі мақсатынан қайтара алатын еді.
Бірақ Пайғамбарымыз барлық ұсыныстарына мойынсұнбай, жалған шарттарына келіспей тұрып алды. Осы жағдайлар да көкесі Әбу Талиб Оны қолдамайтынын сездірген кездегі Пайғамбарымыздың табандылығы мен батылдығы адамзат тарихында бұрын соңды болмаған ғибрат өнеге болды.
Жасұлан ҚАҒАЗҒАЛИЕВ, Жылыой ауданының бас имамы