Атырау облысына жұмыс сапары аясында Президент кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Индер ауданында дін қызметкерлерімен кездесті.
Кездесуге Атырау облысы дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиев, Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы бастаған облыс имамдары, Индер ауданы әкімі Дарын Шамұратов және зиялы қауым өкілдері қатысты.
Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев зайырлы елдің ортақ құндылықтары мәселесін талқылады. Сонымен бірге, дін қызметкерлерінің жаңа қоғамға сай білім-біліктілігін, рухани даму деңгейін арттыру мәселесі көтерді.
Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы имамдарды алаңдатқан ортақ мәселелерді ортаға салды.
«Біздің басты мақсатымыз – жат ағым, отбасы құндылықтарының құлдырауы, суицид сынды өзекті мәселелердің алдын алу. Және исламның асыл құндылықтарын насихаттау, ағартушылықпен айналысу, даналарымыздың ізгі шығармаларын дәріптеу арқылы да қоғамға қызмет жасап келеміз. Яғни, дін қызметкерлері әркез қоғаммен тығыз байланыста», – деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы
Зиялы қауым өкілдері көкейде жүрген сауалдарын жолдап, ұсыныс пікірлерін жеткізді.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.