Қазақстанның халық саны 18 млн 700 мыңнан асты

amin.kz/ 16 маусым, 2020 жыл.  Қазақстанның халық саны 18 711,2 мың адамға жетті. Мұндай деректі Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2020 жылғы 1 мамырда еліміздегі халық саны 18 711,2 мың адам болды. Оның ішінде қалалықтар – 11 004,5 мың (58,8%), ауылдықтар – 7706,7 мың адам» делінген таратылған ақпаратта.

Комитет мәліметінше, 2019 жылғы 1 мамырмен салыстырғанда халық саны 242,4 мың адамға немесе 1,3 пайызға өсті. Қарастырылып отырған кезеңде ең көп жалпы өсім еліміздің 3 өңірінде: Алматы қаласы (63,7 мың адам), Нұр-Сұлтан қаласы (55,5 мың адам) және Түркістан облысында (33,1 мың адам) тіркелген.