amin.kz/ 2 тамыз, 2020 жыл. Бүгін қасиетті Құрбан айттың соңғы күні. Пандемияға байланысты, елімізде биыл алғаш рет құрбандық қашықтықтан шалынды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен карантинге қарамастан, барлық ниет етушілердің онлайн форматта құрбан шалуына мүмкіндік ашқан qurban2020.kz сайты арқылы, атыраулықтар да құрбан шалды.
Атырау облысы бойынша Құрбан айт мейрамының алғашқы екі күнінде 229 уақ мал, 20 сиыр құрбандыққа шалынып, 1017 мұқтаж отбасыға құрбандық малының еті таратылды.
Сонымен бірге, Атырау қаласындағы және аудандардағы мешіттерде сәбилерге айттық таратылды.
Үш күн айт кезіндегі шалынған мал және құрбандық еті таратылған отбасылар саны туралы толық ақпарат алдағы уақытта жарияланатын болады.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.