Құрбан айт кезінде Мақатта 65 отбасына ет таратылып, 1050 балаға сыйлық берілді

Мақат ауданында Құрбан айт кезінде 65 отбасына ет таратылды. Қайырымдылық шарасы негізінен әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж отбасыларын қамтыды.

Сондай ақ, қасиетті мереке құрметіне Мақат аудандық мешітінің ұйымдастырылуымен, 1050 балаға айттық сыйлықтар таратылды.

«Мақсатымыз – Құрбан айт мерекесінің жылулығын балаларға да сезіндіру болды. Құрбан айтты мақаттықтар жоғары деңгейде атап өтті» деді Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.