Рамазан айының құрметіне Атырау мешіттерінде намаз үйрету курсы жүргізіліп жатыр.
Мәселен, осындай курстардың бірі – “Иманғали” орталық мешітінде әр күні бесін намазынан кейін жаңадан намаз бастаушы жамағатқа арнап, Әбу Ханифа мәзһабы бойынша намаз үйрету курсы жүргізілуде.
«Қасиетті айда дінге бет бұрып, парыз амалды орындағысы келетін бауырларымыздың саны артып келеді. Оларға дұрыс ақпарат беріп, дәстүрлі діни құндылықтарды үйрету, намаз оқудың шарттарын, толық меңгерту және жат ағымдарға кетпеуін қадағалау мешіт имамдарының міндеті. Сондықтан, мешіттен діни ілімді үйренген адам қателеспейді» дейді облыстың Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы.
Айта кету керек, намаз үйрету курсы мүфтият баспасынан жарық көрген «Намаз үйрену» кітапшасы бойынша жүргізілуде



