Қасиетті Рамазан айы басталғалы облыс мешіттерінде 418 насихат айтылды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы арнайы бекіткен Рамазан айына арналған насихаттық шаралар, ауызашарлар мен әр намаз алдында үздіксіз 418 мәрте насихат айтылды.
Уағыз-насихат жұмыстарын мешіттің имамдары мен ұстаздары жүргізуде. Бұдан бөлек облыста 25 мешітте қазақстандық 34 қари және Түрия елінен келген 2 қари хатым түсіруде.
Еске сала кетелік, қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталды. Ал наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 30 наурыз – Ораза айт мерекесі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде пітір садақасы еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 655 теңге болып бекітілді.








