Сабыр ету – иманнан

Күллі мадақ пен мақтау жеті қабат әлемді жоқтан жаратқан әуелі мен ақыры болмаған Ұлы Жаратушы Жаппар Ие Алла Тағалаға тән!


Адамзатты қараңғы қапастан құтқарып, мәңгілік бақытқа жеткізу үшін, рақым етіп жіберілген адамзаттың ардақ тұтар тұлғасы, мұсылмандардың көзінің нұры, жаратылыстың гүлзары, екі жаһанның асыл тәжі, ақырғы пайғамбар хазреті Мұхаммедке сәлем жолдап, мың сан салауат айтамыз!


         Сабырлық ( сабр) – сөзінің тілдік мағынасы шыдамдылық ету. Шариғи мағынасы – Алла Тағаланың разылығы үшін өмірдегі қиындықтарға төзу, шыдамдылық ету. Алла Тағала Рағд сүресінің, 22 аятында – Раббыларының разылығын іздеп, сабыр еткендер, міне ақырет жұртының табысы солардікі. Сабырлық мысалы бір ұстазымның басынан өткен оқиғаны айта кеткім келіп отыр.

Ол осыдан бір неше жыл бұрын болған оқиға. Ұстазым Алланың разылығы үшін мойынына таң намазын жүргізуді міндетін алған еді. Үш шақырымнан астам жерден келіп таң намазын жүргізетін еді. Ұстазым айлық алмағанына алты айдан асып кетті, үйде бала –шаға аш отыр.


-Бір күні ұстазым мешіттен келіп, әйелінен сұрайды үйде тамақ барма деп.
– Әйелі үйде тамақ жоқ.
-Сонда ұстазым көзіне жас алып Әлхамдулиллаһ, өмірімде бірінші рет менің дастарханым Пайғамбарымыздың дастарханына ұқсадығой деп. Аллаға сансыз шүкірліктер айтып, мадақтады. Ұстазы мықтының ұстанымы мықты деген, сондай сабырлы адамның алдында білім алған адам өмір бойы тура жолдан адаспасы анық. Бұл қазіргі ұстаздар, ал Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Қандай еді.


“Бірде ансарлардың бір тобы Расулуллаһқа (с.ғ.с) бір нәрсені сұрап келді. Расулуллаһ (с.ғ.с) сұраған нәрселерін берді. Ансарлар тағыда келіп сұрады. Расулуллаһ (с.ғ.с) тағы берді. Ансарлар бәрін алып біткенге дейін Расулуллаһтан (с.ғ.с) әлгі нәрсені сұрап ала берді.

Бәрін беріп болғаннан кейін Расулуллуһ (с.ғ.с): «Мен қолымдағы бар жақсылығымды сендерден  қызғанбаймын. Сыпайы болуды қалаған адамды Алла Тағала сыпайы етеді. Біреуге тәуелсіз болуды қалаған адамды тәуелсіз етеді. Сабырлылық қалаған адамды сабарлы етеді. Ешбір адамға сабырлықтан артық сый берілмеген», – деді.

Қасиетті Құранда сабырлықтың хикметі туралы жетпіске жуық аят бар. Алла Тағала Бақара сүресінің 153 – аятында: «ей иман келтіргендер, сабыр және намазбен көмек сұраңдар. Күмәнсіз Алла сабырлық қылушылармен бірге» – деп бұйырады.

Атақты ғұлама Ибн Кәсир осы аяттың түйінін былайша тарқатады:
«Алла Тағала бізге шүкіршілік жасаумен бірге сабырлы болуды да бұйырып, сабыр мен намаз арқылы көмек сұраудың жолын көрсеткен. Алланың құлы бір жақсылық көрсе, шүкірлік қылып, ал қиын жағдайға тап болса, оған сабыр етуі тиіс.

Алла Елшісі (с.ғ.с) бір хадисінде: « Мұсылман адам не көрсе де әрдәйім қанағат етеді. Себебі, Алланың көрсеткенінің бәрін хайырлы деп түсінеді. Егер жақсылық көрсе, шүкірлік жасап, оны Алланың жасаған иһсаны деп есептейді. Ал тауқыметке тап болса, сабыр етіп, оны да өзінің мүддесі үшін қайырлы деп біледі. Ауыртпалыққа қарсы сабырлық танытып, намаз оқып Алладан жәрдем сұрайды.
Мәшһүр хадистердің бірі «Сабыр соққының алғаш тиген сәтінде» деген. Ақын бауырларымыздаң бір өлеңінде былай дейді.


Сабырлыны Жаратқан жақтырады
Ойды нәпсі ой қырға лақтырады
Түсіме еніп бұрынғы күнәларды
Шайтан жиі есіме сап тұрады
Шынымен басқа бәле келген кезде сабырлық танытқан адамды Аллада жақтырады.

Дейтұрған, мен пенделікке салынып кейде сабырлық таныта алмай жататын кездеріміз де  болып жатады. Жоғары да айтып кеткеніміздей сабырлық жәйлы құранда жетпіске жуық жерде айтылған. Айтуға әрине оңай сабыр сақта деп, бірақ қиыншылықта сабыр сақтаған адамды нағыз мұсылман деп айтуға болады және Алла оған сабырлығы үшін қандай сый дайындап қойғанын өзі ғана біледі.

Сондықтан, әрбір адам Алланың сыйына лайық болуы үшін сабырлықты үйренгені абзал болмақ. Адамды Шайтан малғұн жиырма төрт сағат бойы азғыруын тоқтатпайды. Тіпті түсімізге еніп, бұрынғы өткен күнәлардың өзін есімізге түсіріп тұрады, нағыз мұсылман үшін ол жақсы, себебі бұрнғы күнәларды есіне алып тәуба етуді одан сайын күшейтеді. Адам Аллаға басын иген сайын, Шайтан ызадан өлердей болады.


         Сабырлы кісінің  белгісі болады:

Келмегенге өзі барады, туыспен араласып тұрады.

Өзіне қастандық жасағанды кешіреді.

Өзінің ақысын жегенге аяушылық қылады.

Алланың барлық істеріне сабыр қылады.

Алла берген бәлеге сабыр сақтайды.

Заманымыздың сабырлы адамдардың бірі өзіміздің патшамыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Неге десеңіздер, баяғыда қытай мен екі ортада шекараны белгілеп жатқанда. Жиналысқа кірердің алдында, қытайдың шенеунігі Назарбаевтың қолынан қағып жіберген, маңдайы қып –қызыл болып ашуланды.

Барлығы өлшенген нәрсеғой, дәл сол ашуланып тұрған кейінде келіссөзге шақырды. Ашумен кірді, онсызда білесіздер қытай ешкімге есесін беретін емес. Кірген кезде бірден түк болмағандай ашуын жиып алды. Ана ашудың бәрін жоқ қылып жіберді. Сонда қытайлар бетіне қарап отырған кезде риза болғанғой. Келесі келетін адамдардың қандай болатынын қайдан білесің, біз саған қолымызды қойып берейік деп қол қойдырған.Н.Назарбаевқа деген құрметінен, қол қойып.

Жанағы қытай қолынан қаққан кезде қайырылып келіп қағып жіберседе болатын еді, бірақ дәл кезде, ашуланбай өзін – өзі ұстау үлкен сабырлық. Өйткені оның артында алты алаштың бүкіл жүгі тұр. Жеке бастың эмоциясы бір тиын оған. Себебі қазақтың тағдыры бұл, ата қоныс жері тұр.

Міне, бәле келген кезде өзін ұстау ең үлкен батырлық. Аллаһ Тағала барлық мұсылманға осындай сабырлық нәсіп етсін. Ақырымызды хайырлы етсін.

Жайлыбек КЕНЖЕАЛИЕВ,

«Хан Ордалы Сарайшық» мұсылмандар мешітінің имамы.