Жақында ғана Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінде аймақтық Құран жарысы болып өткен еді.
Сарапшылар Атырауда өткен сайыс деңгейін жоғары бағалауда.
Атырау қаласы және аудандардағы жамағаттың қатысуымен өткен бәсекеде үміткерлер Құранның жиырма парасын, он парасын жатқа айтудан және қасиетті Құранды мәнерлеп оқудан өзара сайысты.
Құранның 20 парасын жатқа айтудан Ізгілік Омар үздік деп танылып, 120 мың теңге көлеміндегі сыйақыны иеленді.
Сонымен бірге, облыстық деңгейде әсем әуезді азан жарысы өтті.
Ақтау қаласында өтетін республикалық азан жарысы бәйгесіне үздіктерді іріктеу мақсатында ұйымдастырылған бәйгеде оннан астам үміткер өзара бақ сынасты.
Азан айтудан облыстық “Иманғали” мешітінің азаншысы Саламат Иманғалиев бірінші орынды жеңіп алды.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.