amin.kz/ 5 шілде, 2020 жыл. Бүгін Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы елімізде екі аптаға енгізілген карантиндік шектеулерге байланысты мәлімдеме жасады.
«Көптеген адамның өмірден өтіп кетуіне себеп болып жатырған дерттің ушығуына байланысты, екі апта бойына мешіттеріміздің жұмысы уақытша шектеліп отыр. Сонымен бірге, жаназа намаздарына отыз адамнан артық жиналуға болмайтынын ескертеміз. Алла Тағала еліміздің бұл індеттен тезірек өтіп, мамыражай күнге түсуімізді нәсіп еткей» деген Бас имам қиын-қыстау кезеңде көбірек көмек жасауға, жақындарымызға жанашыр болуға, ауырып жатқандар үшін дұғада болуға шақырды.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.