Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен белгілі ғалым, филология ғылымының кандидаты, доцент Төрәлі Қыдыр Алматыда ашылған ҚМДБ жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры болып тағайындалды.
Институттың ашылу рәсімінде сөз сөйлеген ҚМДБ Төрағасы: «Төрәлі Еділбайұлы – Діни басқармаға қарасты Ғұламалар кеңесінің мүшесі, отандық ғылымға өзінің үлесін қосып жүрген азамат. Біз Ислам ғылыми-зерттеу институтын ғылымның ордасы, ғалымдардың ортасы саналған Алматы шаһарында ашып отырмыз. Ал дәл осы қызметке Төрәлі Еділбайұлын лайық көрдік. Алла Тағала ісіне береке беріп, еңбегін жемісті етсін» деді.