Турист адам мешітке кіруі рұқсат па?

Ханафи мәзһабы бойынша мұсылман емес адамдар мешітке кіруіне болады. [1]

 لِمَا رُوِيَ أَنَّ النَّبِيَّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَنْزَل وَفْدَ ثَقِيفٍ فِي مَسْجِدِهِ وَهُمْ كُفَّارٌ

 Хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Сақиф тайпасының өкілдерін кәпір бола тұра оларды мешітіне кіргізді.[2]

Алайда, олар мына шарттарды сақтауы қажет:

Бірінші: Мақсат – мешіттерді ондағы орындалатын рәсімдерін құрметтеуі қажет.

Екінші: Мұсылман емес әйелдер Алланың үйіне кіргенде лайықты түрде жамылуы қажет. Мешіттер – құлшылық, зікір ететін және білім ордасы болғандықтан мешітке ашық киімде  кіруі дұрыс емес.

Үшіншіден: Туристердің кіруі құлшылық етушілердің намаз оқуына, дұға жасауына, қарилардың Құран оқуына және білім үйренушілердің білім алуына кедергі етпеуі керек. Себебі, Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, мешіттерде құлшылық етушілерге зиянын тигізіп, олардың мазасын алудан тыйған.


[1] әл-Маусуатул Фиқһиятул-Кувейтия, 35/24

[2] Әбу Дәуіт, №3026

Мұрат Мұстафаев,

Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы