Жат ағым жарға жығады

Қазақта өтіріктің арты бір тұтам деген әдемі бір нақыл бар. Жалған сөйлеп өтірік айту қашан да адам баласына абырой әкелмеген мұсылманға тән емес жиіркенішті іс.


Қазіргі уақытта қоғам да әр түрлі жарға жығатын жат ағымдардың көбейгені жасырын емес. Ол жат ағымның белгілі сипаттарын да қарапайым халық анық ажырата алады. Өздерінің ішкі жымысқы саясатына құрық бойламайтын бұл жат ағымдар өз қатарын көбейтіп, насихатын өткізу үшін де неше түрлі қулық сұмдыққа баратыны да белгілі.
Жат ағым өкілдері өздерін таныстырғанда жамағат арасында әрі ата анасына туған туыстарына біз әбу ханифа мәзһабын ұстанамыз яғни ата баба ұстанған дінін ұстанамыз деп жалған сөйлеуінде. Өз кезегінде сөзге сенген болмысы таза мұсылман баласы оған алданып қап жатады.
Пайғамбарымыз (с.а.с): «Шынында шындық, жақсылыққа бастайды, ал жақсылық жаннатқа бастайды. Бір адам (үнемі) шындық айтса, Алланың жанында шыншыл деп жазылады. Өтірікші жамандыққа бастайды, ал жамандық тозаққа бастайды. Бір адам (үнемі) өтірік айтса, Алланың жанында өтірікші деп жазылады» (Бұхари және Мүслім).
Ол жат ағымның жетегінде жүрген адамның ұстанған жолынан, оқыған намазынан қандай пайда? мен әбу ханифа мәзһабын ұстанамын деп өтірік айтып сөйлегені жалған болса.
Бір күні Пайғамбарымыздан (с.а.с): Мұсылман адам қорқақ бола ма? Ол: «иә», оған: мұсылман адам сараң бола ма? Ол: «иә», тағы оған: мұсылман адам өтірікші бола ма? деп, сұрағанда: Ол «жоқ» деп жауап берген (Малик).

Мұсылман адам Алла мен елшісінің әміріне толығымен бойұсынады. Ал, өтірік айту – күнә. Сол үшін өтірікші адам көп күнә табады. Өйткені, ол өзін ақтау үшін кез келген жерде өтірік айта салады. Алайда, ол өтірігі бұл дүниеде болмаса о дүниеде көместі білуші Алланың алдында әшкерленеді.

Жат ағымның анық белгілерінің бірі қазақ халқының ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан дәстүрлі Ислам жолын жоққа шығарады. Қазақ халқы ғасырлар бойы Пайғамбарымыздың және Әбу ханифаның сара жолын әрі сенімде орта азиялық ғұлама имам Мәтуриди жолын ұстанып келе жатыр. Жат ағым өкілдері осы имам Мәтуриди секілді ұлы Ғұламаларды адасушылыққа шығарады. Ол деген сөз барлық Қазақ халқының тарихын сонымен қатар қазіргі атадан балаға үзілмей жалғасып келе жатқан алтын тізбегімізді адасушылыққа шығарады деген сөз.
Сондықтан барлық мұсылман ағайынға айтарым кез келген шариғатқа мұсылманшылыққа қатысты мәселені сұраған уақытта ресми тағайындалған имам ұстаздардан сұрағаны абзал болады. Қасиетті Құран кәрімде Алла тағала былай дейді:
«Егер білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар», – деп айтқан.

Жасұлан Қуанышұлы,

Жылыой мұсылмандар мешітінің бас имамы.