Жеті күнде Құранды толық хатым жасаған қариларға қажылыққа жолдама берілді

Астанадағы «Әлжан ана» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен өткен тарауық намазында жеті күнде Құран Кәрімді толық хатым жасаған қос қариға ұмра қажылығына жолдама берілді.

Бас мүфти мешіт жамағатына тарауық өткізіп жүрген қарилар Мәлік Айдарұлы мен Нұрболат Әуесханға алғыс білдіріп, демеушілердің көмегімен ұмра жолдамасын табыстады.